image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жеңіс Күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы

 

Патриоттық тәрбие айлығы кезеңінде , 2019 жылдың 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында 9 мамыр Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Мектеп фойесінде, кітапханада, сынып бұрыштарында атаулы күнге арналған экспозициялар ресімделді. Мерекелік іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру бойынша шығармашылық топ құрылды. 14 сәуір күні тарих және құқық мұғалімі викторина өткізді. Сынып жетекшілері «Жеңісті мамыр жарығы»сынып сағатын өткізді. 3 мамыр күні «Жеңіс естелігі» атты видеопрокат өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары мен орта сынып оқушылары «Біз жасай аламыз» спорттық эстафетасына және «Біз Жеңістің мұрагерлері» атты суреттер байқауына белсенді қатысып, өз суреттерінде соғысты, жеңіс қуанышын, махаббатты, бейбітшілікті суреттеді. Мектеп кітапханасында соғыс туралы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіштерді абаттандыру бойынша еңбек десанттары өткізілді, сондай-ақ «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Пресное ауылында соғыс ардагерлері жоқ, бірақ балалар қаза тапқан және қайтыс болған ардагерлердің әйелдеріне, тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеді. Құрметті қарауылды дайындау және 9 мамыр мерекесін өткізу белсенді жүргізілді. Міне, 9 мамырда келіп жетті.