image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Соңғы қоңырау

25 мамыр күні Сычев негізгі жалпы білім беру мектебінде соңғы қоңырау мерекесі аталып өтті. Салтанатты саптүзуге оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және қадірменді қонақтарымыз: аудандық білім бөлімінің әдіскері Матаева Сандуғаш Бариевна, әкімшілік қызметкер Айдаболов Е. қатысты.

Мектеп директоры Жанкаринова Г.А. жиналған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Оқу үздіктері мен оқу екпінділеріне мақтау қағаздары табыс етілді. Оқу үздіктері қаржылай сыйлыққа ие болды. Бұл оқушыларға үлкен талпыныс пен жігер береді.

Мектебіміздің демеушілері: Таушкина Галина Федровна, Дюсекеев Ертостик Бекбулатович және Череденков Сергей Михайлович алғыс хатпен марапатталды.

Мектебіміздің түлектері – 9 сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлінді. Олар үшін қоңыраудың үні соңғы рет сыңғырлады.