«Ананы аялайық!»
«Ананы аялайық!»
Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз –Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне орай Кеңес негізгі мектебінің жанындағы шағын орталықта «Ананы аялайық!» тақырыбында мерекелік іс-шара қызықты да мазмұнды өткізілді.
Бүлдіршіндердің орындауында «Аяулы анашым!», «Ақ анам!», әні шырқалып, «Ана жүрегі» биі орындалды.Қызықты да, мазмұнды да ойындар өткізілді.
Концерт ұл балалардың кішкентай ханшайымдар мен аналарына дайындаған сыйлықтар сыйлау рәсімімен аяқталды.
Ата-аналар іс-шараны ұйымдастырған тәрбиеші Муслима Еркинқызына алғысын білдірді!!!
Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің
жанындағы шағын орталығынын
тәрбиешісі: Закриянова Муслима Еркинқызы