«Ауылым жайлы сыр шертемін»
«Ауылым жайлы сыр шертемін»
Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ауыл адамзаттың кең дүниенің есігін ашып өмірге, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен кең маңдай тері тамған, киелі мекені.
2019 жыл сәуірдің 26 жұлдызында Кеңес негізгі мектебінде «Ауылым жайлы сыр шертемін» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға туған ауылдың өткен тарихымен таныстырып, туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау.
Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары ретінде ауыл ақсақалдары,ардагер ұстаздар: Шаймұрат Тәттімбетұлы, Роза Калиевна, Асылтас Кабиденовна, Жамиля Зейнель-Кабиденовна, Мақсұт Шакантаевна, Құсни Молдағалиевна шақырылды. Дөңгелек үстел мектеп директоры Айнур Шалабайқызы Молдахметованың ізгі тілегінен басталды. Содан кейін мектеп және ауылдың бұрынғы және қазіргі келбеті туралы қонақтарымызға презентация ұсынылды. Ардагер ұстаздарымызға өздерінің мектепте мұғалім болып жұмыс істеген кездері еске түсіп, олар ауыл тарихы туралы ой тебіренте бастады. Оқушыларға көп қызықты да тарихи жағдайларды айтып шықты.
Кешіміз әдеби-сазды бағдарламаға ұласты. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсете білді. Соның ішінде: даярлық топ тәрбиеленушісі Қайролла Жансель қазақ биін көрсетті; бастауыш сынып ауыл туралы тақпақтарымен бөлісті; 6 сынып оқушылары «Атамекен» әнін шырқады; «Көңілді күн» әнімен кешімізді 7 сынып оқушысы Курманова Амина аяқтады.
Ауыл ақсақалы Шаймұрат Тәттімбетұлы болашақ ұрпаққа бата беріп, кешіміз өз мәресіне жетті.