Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы
Бүгін мектебімізде педагогикалық қызметкерлер арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Міндеттері:
— Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;
— қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
— сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.