Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ескертпе
Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ескертпе
Қазіргі заманда бала өміріне қауіп төндіретін фактордың бірі өрт болып тұр. Балаларды қонаққа жібергенде немесе үйде өздерін қалдырғанда оларға еш жамандық болмайды, олардың өміріне ешқандай қауіп төнбейді деп бей жай қарауға болмайды.
Өкінішке орай статистика бойынша балалардың кесірінен болатын өрттер жиі болып тұрады. Соның салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуда. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап өрт кезінде не істеу керек екенін, өрт қауіпсіздік ережелерін үйрету керек.
Өрт болған жағдайда жылдамдатып өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет. Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, оларға нақты түрде аудан немесе елді мекенің, көшенің, үй нөмірін, қабатын, подъезді, пәтерді және өрт қай жерден шыққанын айту қажет, сондай-ақ кім телефон соғып тұрғанын хабарлау қажет.
Балаларға барлық ережелер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#өрттілсізжау #өрттенсақболайық