«Бар мейірім балаларға»
«Бар мейірім балаларға»
Бүкіл әлемде аталып өтетін 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде «Бар мейірім балаларға» деген ұранмен қызықты да мазмұнды аталып өтті.
«Балаларды қорғау дегеніміз –әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.Бұлтсыз күн, ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымызға бейбіт өмір сүріп, олардың жүректерін қайғы-мұң шалмай,бақытты балалық шақ болса екен , -деп өз лебізін мектептің басшысы Айнұр Шалабайқызы Молдахметова мерекені құттықтау сөзімен бастады.
Мерекеде балалар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер Капарова Алмагүлдің орындауында «Ертегілер әлемінде», «Бақытты балалық» әндерін , мектеп оқушыларының «Флэшмоб» биін тамашалады.
Мектеп жанындағы «Бүлдіршін» шағын орталығының бүлдіршіндері өздерінің тамаша ән-билерін ұсынды.Балалардың орындауында «Балапан» биі, Молдахметов Алиханның орындауында «Әкетайым,әке» әні шебер орындалып, бақытты балалық шақ туралы тақпақтар айтылды.
Ертеңгі күні мектеп жанындағы «Айгөлек» сауықтыру лагері 1 ауысымға қатысатын 18 балаға өз есігін айқара ашады.Жылда өте жақсы өтетін лагерь жұмысы биылғы жазда одан да жоғары деңгейде өткізіледі деп ойлаймыз.
Берсең балаға бер демекші , мерекелік іс-шараны өткізуге ат салысқан жеке кәсіпкерлер Аркенова Бахыт , Муханова Фарида апай, Темиргалиев Мурат, «Шорманов», «Атамұра» шаруашылықтарына ризашылығымызды білдіреміз.
Болашағымыз – сәби бүлдіршіндер бақытты болсын!
Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі жанындағы
«Айгөлек» лагерінің басшысы Гүлжауһар Тусіпхан