Білім беру ошағында “ Мектеп жетістіктері — көпке ортақ» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Бүгін білім беру ошағында “ Мектеп жетістіктері — көпке ортақ» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде:
1. Мектептің білім сапасы.III тоқсан қорытындысы. ОІМ
2. Тәрбие жұмысының жүргізілу барысы.ТІМ
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Мектеп директоры
4. Буллинг. Мектеп директоры
5. Психологиялық тренинг. Ойындар.
6.Жаңартылған мектепте экскурсия.
7.Әр түрлі.
Ата-аналар жиналысын мектеп басшысы Айнур Шалабаевна Молдахметова ашты.
Жиналыс барысында ата-аналар оқушылардың пәндер бойынша білім сапасымен, мектептегі тәрбие жұмысының барысымен слайдтар арқылы таныстырылды.
Жиналыс барысында мектеп психологі Айгерим Муратовна Какожанова “Сәлемдесу” , «Өрмекшінің торы”, “Гүл теру” , “Арқаға сурет салу” тренингтерін өткізіп, ата-аналар арасында бір -біріне байланысты орнатты. Су қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі сонымен қатар балаларға автокөлік , мотоцикл, жүргізуге , жылқы малына мінуге болмайтыны ескертілді. Ата-аналарға буллинг туралы түсініктерін кеңейтіп, брошюралар таратылды.
Жиналыс соңында ата-аналар күрделі жөндеуден өткен мектеп кабинеттері мен спортзал , актзал тб. бөлмелерді аралап мектеп ғимаратының тамаша , көрікті , заманауи болып өзгергеніне көздері жетіп, бір қуанды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар мектеп басшылығына және мектеп ұстаздарына дән риза екендерін тілек арқылы білдіріп, ұстаздардың қажырлы еңбектеріне алғыс білдірді. Жиналыс өз мақсатына жетіп, мазмұнды да қызықты өтті.
#nauryzpvl_2023