Білім – шыңы, ғылым – сыры!
Білім – шыңы, ғылым – сыры
Адам баласының ең басты құндылығы — өмір. Осы өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істер. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Себебі, оның бойында көптеген жақсы қасиеттермен қатар болашаққа деген жарқын сенім мол болады. Жуырда қараша айының 23 күні Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Молдахметов Бексұлтан республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Химия» секциясы бойынша «Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызы» жобасын сәтті қорғап жүлделі III орынға иеленді.
Зерттеу мақсатында өзімізге керекті элементтердің қандай пайдалы жақтары бар екенін,сонымен қатар қандай элементтерді қай кезде, қандай мөлшерде пайдалануға болады екенін анықтадым дейді Бексұлтан.
Қорыта айтқанда, білім — әрбір адамзат баласына қажет рухани байлық. Білімнің арқасында көпке танылған адамдар да мүлде аз емес. Ғалымды ғалым еткен де осы білім. Сондықтан жалқаулық қасиетін сырып қойып, тек талаптану қажет. Себебі, талапкер, білімді адамның ой өрісі кең, рухы биік, адамгершілігі жоғары болады. Сөз соңында, Бексұлтанға үлкен белестерден көрініп, өз армандарының орындалуына тілектезпіз!
Кеңес негізгі мектебінің химия пәні мұғалімі Уалихан Гүлбақыт