«Бүлдіршін» шағын орталығының «балабақшамен қоштасу» іс — шарасы
«Бүлдіршін» шағын орталығының
«балабақшамен қоштасу» іс — шарасы
Кеңес негізгі мектебі жадында құрылған «Бүлдіршін» шағын орталығы мамыр айының 26 – сы күні «балабақшамен қоштасу» іс – шарасын өткізді. Іс – шарада бүлдіршіндер «балабақшамен қоштасу» әнін айтып, «балапан» биін билеп т.б өнерлерін көрсетіп, келген жұртты таң қалдырды.
«Бүлдіршін» шағын орталығының тәрбиешісі Закриянова Муслима Еркінқызы бүлдіршіндеріміздің балабақшадағы қызықты сәттері туралы олардың жетістіктері жайлы слайд дайындап, ата – аналарына, көрермендерге көрсетті. Тәрбиешілері бүлдіршіндерге арнап арнайы стол дайындап, сыйлықтарын жасап, оларға тарту етті.
Ал, бүлдіршіндеріміз болса, өздерінің алған роза гүлдерін ата – аналарына, келген қонақтарға сыйлап, жұртты қуантты. Іс – шара соңында ата – аналары мен бүлдіршіндер далаға шығып, өз тілектерін айтып, аспанға шарлар ұшырды.
Барлық мектеп ұжымы атынан бүлдіршіндерімізді құттықтап, «Бүлдіршін» шағын орталығына алғысымызды білдіеміз!
Кеңес негізгі білім беру мектебінің аға тәлімгері
Жұпаргүл Бақытханқызы
Павлодар ауданы