image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Дарын иесі –Раимбек!

                                    Дарын иесі –Раимбек!

Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы  білім беру мектебінің  5-сынып оқушысы Бухарбай Раймбек- мектептің дарынды оқушыларының  бірі.Раймбек ерекше балалар қатарынан болса да, сыныптағы балалардан қалыс қалмай  әрқашан белсенділік танытуда.

Әсіресе би билегенді, дойбы ойнағанды және сурет салғанды жаны сүйеді.Жай суретті  емес, адам бейнесін салғанды ұнатады.Сурет салуға  деген сүйіспеншілік суретті шебер салатын әкесі Серіктен  дарыған .

Мектепішілік суреттер сайыстарына үнемі қатысып, сонымен қатар  барлық мерекелік  іс-шараларда  белсенділік танытады.Жаңа жыл мерекесінде  сыныптағы  ұлдармен бірге  «Ковбойлар» биін билеп, өз өнерін  көрсете білді.

Былтырғы оқу жылында Павлодар облысының  Білім Беру Басқармасының ұйымдастыруымен  өткізілген  «Жұлдыз –ай»  фестивалінде  сертификатпен , Павлодар қаласында  өткен «Дойбы» бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ашық біріншілікте  ұлдар арасында Раймбек  II орынға иеленіп, Мадақтамамен марапатталды.

Сыныптастары Раймбекке жиі қонаққа  барып тұрады.Аға тәлімгер Баян Қанағатқызымен бірге   «Адал friends»  облыстық  жоба  шеңберінде  балалар сурет салып,  «Квест» ойынын ойнап көңілдерін көтерді.Раймбек өз сыныптастарына ризашылығын білдірді.

Болашақта Раймбектің  барлық  армандары орындалып, алар асулары көп болып, талай шыңдарды бағындыратына   күмәнім жоқ!

«Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы

білім беру мектебі» ММ мектеп директоры

А.Молдахметова