image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Дублер күні

Бүгін Кеңес негізгі мектебінің шәкірттері ерекше қадірлейтін құрметті де сүйікті ұстаздарын мектеп фойесінде күтіп алып, сый-құрметтерің көрсетіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. 9-8 сынып оқушылары “Дублер күнің” үлкен жауапкершілікпен қарап, керемет өткізді. Сабақтар аяқталған соң ұстаздарына арнап «Ұстаз- ұлы тұлға» атты мерекелік концерт жүргізілді.
Мерекелік шараны
4-сынып оқушылары «Ұстазым» өлеңімен ашты.Әрі қарай 1 — сынып оқушылары “Джентельмендер “биін билеп,2-сынып “Вальс”биімен ,2-3 сынып “Шаршама ұстаз» әнімен, 4 — сынып оқушылары «Beggin» биімен, 5-6 сынып оқушылар «Money» биімен жалғастырды. Мерекелік шараны дайындаған 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Залихат Юсуповна Бейсембаеваға керемет мереке ұйымдастырғаны үшін ұжым атынан алғыс білдірілді.
Барлық ұстаздар қауымын “Ұстаздар күнімен” шын жүректен құттықтаймыз!! Еңбектеріңіз елеулі, шәкірттеріңіз дарынды болсын!🌷