image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ертіс дарыны

31 наурыз күні Павлодар қаласында “ Ертіс дарыны” орталығының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия — интернатының
60 жылдығына орай 4- сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада өткізілді.Аталмыш олимпиадаға ауданымыздың 46 оқушысы қатысып, бақтарың сынады.Олимпиада барысында оқушылар логикадан , қазақ тілі мен математика пәндерінен 60 тест сұрақтарынан құрастырылған тапсырма орындады.
Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Молдахметова Айгерим аталған тапсырмалардың 90 пайызын орындап, 54 баллмен жүлделі l орынға иеленіп, l дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлық- ноутбукпен марапатталды. Сәуір айының 2 күні салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.Айгерімнің жеңісі мектеп үшін ғана емес, Павлодар ауданы үшін де үлкен мәртебе. Айгерімді жеңісімен құттықтап, бағындырар белестері көп болсын деп тілейміз!Сонымен қатар, Айгерімнің сынып жетекшісі -бастауыш сынып мұғалімі Мархабат Болатқызы да қажырлы еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!🌷
#kenesmektebi
#bilim_pavlodar_audany
#ertisdaryny