Еңбекке баулу»сабағында
Бүгін 1-сынып оқушылары «Еңбекке баулу»сабағында «Мен текстураны зерттеймін» тақырыбында табиғи материалмен «Менің сүйікті лағым» аппликациясын жасады. Аппликацияны жасай отыра оқушылар әліппеден өткен әріптерін еске түсірді, аппликация ұғымына толық түсінік алып, оның жасалу жолдарын түсінді. Сұрақтарға жауап беруін қадағалау арқылы ауызша сөйлеу тілін, естіп қабылдауын дамыта отырып, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін, ұсақ маторикасын дамытуға, сонымен қатар оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, көркемдік талғамды, икемділікті дамытуға бағытталды. Балалар қызыға жұмыс жасады. Пән мұғалімі: Болат М.Б.
#қолөнер
#аппликация
#еңбеккебаулу