“Ең үздік техникалық инспектор”
Мектеп қоржынына тағы бір жүлде!
2022 жылдың 14 сәуір күні Кәсіподақтар үйінің конференц-залында Республикалық “Ең үздік техникалық инспектор” конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.Аталған конкурста Павлодар ауданының намысын аудандық сайысының жеңімпазы -Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің техникалық инспекторы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мансұр Талғатұлы Фазылзянов сәтті қорғап, жүлделі l орын иегері атанды.Құттықтаймыз!
#kenesmektebi