image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жарқын елдің болашағы- жас маман

«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…» деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін жауапкершілігі мол мaмaндықтардың бірі. Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға — ұстаз. Ұстаздық ұлы қасиет. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім.Қазіргі таңда осындай жауапкершілігі зор мамандықта таңдаушы жастар да аз емес. Солардың бірі жас болса да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп,биік мақсаттар мен асқақ армандарға жету жолында аянбай тер төгіп ,еңбек етіп жүрген жас маман Бауыржан Нурзат,Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Нурзат, өмірдеген сан алуан мамандықтардың ішінен өзінің бала күнгі арманына айналған ұстаздық мамандығын таңдап,алдына мақсат қойып өзі қалаған жоғары оқу орыны Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына 2013 жылы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»мамандығы бойынша оқуға түседі. Осы білім ордасында жоғары дәрежеде білім алып 2017 жылы оқуын аяқтап,еңбек жолын Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде бастайды.