Информатика жұлдыздары
Бүгін мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында «Информатика жұлдыздары» атты интелектуалды ойын өтті. Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау. Сонымен қатар оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.