image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Кел, кітап оқиық

_06.02_ — _17.02.2023ж_. аралығында мектебімізде «Кел, кітап оқиық»  атты апталық ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына қызықты оқиғаларға толы әдебиеттер, ертегілер, ашылмалы және сөйлейтін кітаптар  ұсынылды. Балалар ең алдымен қағаздың, кітаптың шығу тарихымен және кітапты қалай сақтау керегі туралы ережемен танысты. Ой- өрісін кеңейтетін, тапқырлығын ұштайтын сөзжұмбақтар, мақал- мәтелдер, викториналық сұрақтар қойылды. Ертегілер еліне саяхат жасап, басты кейіпкерлерді табуда да ыждағаттықпен ұтымды жауаптарын берді.
Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі бала — елдің ертеңгі болашағы, ұлттың жалғасы. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» — деп Абай айтқандай, адам баласы үшін кітап- тілсіз тәрбиеші. Кітап- атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі.
Ұйымдастырған: аға тәлімгер Гүлбақыт Қобланқызы
#кітапоқыпжарысайық #кітапоқу #кітаптарәлемі