Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді.
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 21қазанда мектеп әкімшілігінің жетекшілігімен мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
Мектепішілік пән олимпиадасы оқушылардың өздері таңдап алған қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, математика, физика, биология пәндерінен өтті. Мектеп бойынша 22 оқушы қатысты. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып,бір-бірімен күш сынасты.Олимпиада өте жоғары деңгейде өткізілді . 23қазан күні мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Молдахметова Айнұр Шалабайқызы орын алған оқушыларға марапаттау қағаздарын және ынталандыру сыйлықтарын табыстады. 8-9 сынып оқушылары арасынан бірінші орынға ие болғандар аудандық пән олимпиадасына жолдама алды. Қазақ тілі пәнінен Қапарова Алмагүл 9-сынып оқушысы,ағылшын пәнінен Мухитденов Рахмет 9-сынып оқушысы,физика пәнінен Молдахметов Бексұлтан 8-сынып оқушысы бірінші орынға иеленді. Бірінші орын алған оқушыларға сәттілік тілейміз.
Мектебімізде ұстаздардың даңқын,ата-ананың мәртебесін көтеретін шәкірттеріміз көп болғай!