image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Көктем аруы-2019»

«Көктем аруы-2019»

Жуырда мектебімізде халқаралық әйлдер күніне орай бастауыш сынып оқушыларының арасында «Көктем аруы-2019» байқауы өтті. Байқауға қыздарымыз белсенді түрде қатысты. Барлық қыздарымыз көріктеріне сай ақылды, таланнтты болғандықтан, әділ қазылар алқасы Асел Жұмабаевна мен Гүлбахыт Уалиханқызына «Көктем аруын» таңдау қыйынға соқты.

Алғашқы сайысымызда қатысушыларымыз өз-өздерін таныстырды. ІІ сайысымызда қатысушыларымызға ұлттық салт-дәстүр бойынша сұрақтар қойылды. Қыздарымыздың әр-қайсысы көріктерінің білімдеріне сай екенін дәлелдеп барлық сұрақтарға жауап берді.Келесі сайыста қыздарымыз мың бұрала билеп, әсем әндерін айтып бір-бірімен жарысы түсті. Үй тапсырмасы бойынша қатысушыларымыз өздерінің қолдарынан тамақ әзірлеу, немесе қол өнерлерін көрсету болды. Бірі бауырсақ пісірсе енді бірі өз қолдарынан жасаған туындыларын көрсеттіп өздерінің осал емес екендерін аңғартты. Соңғы сайыста қатысушыларымыз соңғы заманауи үлгідегі сән үлгісін көрсетті. Ерекше көзге түскен Тайшикова Нұрай мен Зинеденова Қатира. Олардың сәнді киімдері елден ерекше болды.

Сайысымыздың қортындысы бойынша «Көктем аруы -2019» байқауының жеңімпазы 1-сынып оқушысы Молдахметова Айгерімге бұйырды. Ол өзінің ең кішкентай қатысушы болғанына қарамастан топтан барлық сайыс бойынша озып шықты. ІІ орын 3-сынып оқушысы Зинеденова Қатираға бұйырды. ІІІ орын Серікпаева Аружанға бұйырса , Тайшикова Нұрай «Сәнді киім» номинациясы , Абулкайрова Азиза «өнерлі қыз» номинациясы бойынша марапатталды.

Осылайша мектебімізде «Көктем аруы-2019» байқауы өтті. Барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз.

Кеңес негізгі жалпы орта мектебі

Аға тәлімгер: Толеу Баян Ханагаткызы