«Математика ақыл ойдың әуені» атты интеллектуалды сайыс
Бүгін математика пәнінен 5-9 сыныптар арасында «Математика ақыл ойдың әуені» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту. Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
@bilim_pavlodar_audany
@zaman_tynysy.kz