image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

“Мектеп күткен ұстаз” тақырыбында аудандық семинар

Бүгін мектебімізде білім беру бөлімінің жоспарына сай ауданымыздың жас мамандарына арналған “Мектеп күткен ұстаз” тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Аталмыш семинарға Павлодар облысының инновациялық орталығының әдіскерлері Жолдыбаева Нағима Назымбековна және Надира Туяқовна , Павлодар ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кауметова Макфура Аубакировна, әдіскерлер Асемгуль Нурлановна , Алмагуль Толеубековна, ауданымыздың жас мамандары, көрші Аққулы ауданының Ямышев мектебінің жас мамандары қатысты.Мектеп директоры Айнұр Шалабаевна мектеп , мектеп ұжымы туралы қысқаша ақпаратпен таныстырып, ұжымдағы жас мамандармен жұмыс , оқу жылындағы жетістіктеріне тоқталып, жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі.
Кеңес негізгі мектебінің жас мамандары Абдураимов Бекмырза, Аубакир Ақерке ,Болатқызы Мархабат, Бауыржанқызы Нұрзат тәжірибемен бөлісіп, семинар қонақтарыңа ашық сабақтар өткізді.
“Мектеп күткен ұстаз” атты дөңгелек үстел барысында семинарға қатысушы жас мамандар өздерің толғандыратын сұрақтар қойып, жас маман ретінде жеткен жетістіктері жайлы , тб.мәселерді талқылап , өз ойларын, пікірлерің білдірді.Асемгүл Нурлановна “Оқу жылындағы менің жетістігім”, “Менің жұмыс орным”, “Алғашқы жұмыс жылындағы бейімделу қиындықтары” тренингтерін өткізді. Соңында рефлексия жүргізіліп, қорытынды жасалды.

#жасмаман
#семинар
#kenesmektebi
#bilim_pavlodar_aydanу