image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Міне, Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келді.

Міне, Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келді. Осы жылдар арасында талай оқиға халқымыздың басынан өтті, бірақ сол қантөгіс соғыстың зардабы әлі де есімізде. Фашистік немістердің біздің туған жерімізді басып алмауы сіздердің арқаларыңызда. Жау әскеріне тойтарыс беру үшін көптеген адам сенгісіз ерлік жасалды. Араларыңызда өз өмірін аямай, Отан үшін жан береміз деп талай жас қыршынынан қиылды.
Бұл ерліктерінізді болашақ ұрпақ ұмытқан жоқ , сіздерді мақтан тұтуда. Көбіңіз бүгінгі бейбіт күнге жете алмадыңыздар, бірақ сіздердің есімдеріңіз тарихта мәңгілікке қалатынына сенімді болуларыңызға болады.
Отан қорғаушы қандай болу керек деген сұрақ туғанда, әлбетте, бірінші ретте сіздерді еске аламыз. Халқымыздың жастары сіздерге қарап өз бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуде.
Құрметті Батырлар! Біз, қазақ елінің жастары, аманат етіп қалдырған елімізді сақтауға, оны құрметтеп дәріптеуге сіздерге уәде береміз. Осы көріп отырған бейбіт күнімізге сіздерге алғысымызды білдіреміз!
#9мамыржеңіскүні
#9мамыржеңіскүніқұттыболсын