image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Облыстық «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларының философиялық мәні мен ізденістері» сайысының жеңімпазы !

Облыстық «Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев  шығармаларының философиялық мәні мен ізденістері» сайысының  жеңімпазы !

Дархан даламыздың данышпан тұлғаларының шығармашылығымен таныс болу ,оны өз бойларына сіңіріп өсу ,әсіресе өз жерлестеріміздің шығармашылығын жоғары деңгейде білу —  әрбір оқушының міндеті болар.Осы орайда Мәшһүр атамыздың 160 жылдық мерейтойына  орай ауданымызда  «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев  шығармаларының философиялық мәні мен ізденістері» атты  зияткерлік сайыс өтті.

Аудандық кезеңіне Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы білім беру   мектебінің 9- сынып оқушысы Капарова Алмагүлқазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Молдахметова Айнур Шалабайқызының жетекшілігімен «Білімді зерек адам болам десең,Қара өзіңді басқаның айнасынан»бағытты бойынша ақын атамыздың  шығармашылығына байланысты философиялық эссе жазып І дәрежелі  орынға иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Облыстық кезеңде  Павлодар  ауданының  және мектебіміздің намысын қорғаған Алмагүлжүлделі ІІІ дәрежелі орын алып, білікті жетекшісінің  үкілі үмітін ақтай білді.Алдағы уақытта да мектебіміздің оқушыларының жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!