image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПАВЛОДАР АУДАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПАВЛОДАР АУДАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ
Бірінші қыркүйек, дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылды. Бұл күні Павлодар ауданының барлық мектептерінде полиция қызметкерлері қауіпсіздік сабақтарын өткізді. «Құқық бұзушылық, қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні өзекті. Кеңес НЖББМ салтанатты жиынында Павлодар ауданының ішкі істер бөлімінің полиция майоры Арынов Батырбек Серикович құттықтау сөз сөйледі. Оқушыларға оқуда сәттілік тілей отырып, полицей бастауыш сынып оқушыларының назарын жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа аударды. сондай — ақ бастауыш сынып оқушылары үшін «Жаяу жүргіншілер өткелі» акциясын өткізді. Полицейлермен бірге балалар зебра бойымен көшені дұрыс кесіп өтуді үйренді. . Шара соңында тәртіп сақшылары жадынамалар таратып, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кеңестер берді.
@kdn_pavlodarskii_raion