image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Спорт — бақытқа бастар жол»

Спорт –бақытқа бастар жол демекші, Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Молдахметов Бексұлтан жуырда өткен балалар арасындағы Республикалық ашық турнирінде толық контактілі Панкратион жарысына қатысып,1орын алып,дипломмен марапатталды. Бексұлтан бұл үйірмеге жазғы уақытта ғана барған еді.Қыркүйек айында сабақ басталғаннан кейін,үйірмеге толықтай қатыса алмады.Осы соңғы апталарда әкесінің жетекшілігімен қайрадан барған болатын.Бексұлтанның жеңіспен оралуының бірден-бір себебі әкесінің берген күш жігері,қолдауы болатын.Әкесі Шахадат баласының болашағы үшін Бексұлтанды жұмасына үш рет дайындыққа апаруға ерінбейді.Әкесінің арқасында бұл спорттың түріне қызығушылығы артып,сүйіспеншілігі оянды.Сонымен қатар, Бексұлтан оқуда да жақсы,мектептің қоғамдық өміріне де белсене қатысады.Былтырғы оқу жылында аудандық пән олимпиадасына қатысып,физика пәнінен 1 орын алса,биылғы оқу жылында химия пәнінен ғылыми жоба жазып,облыстан 3 орынға ие болған еді.Болашақта Бексұлтанға армандаған арманына, алдына қойған мақсатына жете берсін,биік шыңдардан көрінсін демекпіз.Алда тек жеңіс,сәттілік тілейміз.