image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

“Сыңғырла ,соңғы қоңырау!

“Сыңғырла ,соңғы қоңырау!
Бүгін Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде “Сыңғырла, соңғы қоңырау!” атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директоры Айнұр Шалабайқызының оқу жылының аяқталуы мен 25 мамыр мерекесімен құттықтау сөзінен басталды. Тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, қорытынды шығарылып, үздік оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, жетекшілеріне алғыс жарияланды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары ардагер ұстаздар Мақсұт Шақантайқызы, Асылтас Қабиденқызы, Майгүл Төлеуқызы , білім беру бөлімінің әдіскері Алмагүл Төлеубековна Утюпова түлектерімізге өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.
Мерекеміздің басты кейіпкерлері-9 сынып оқушылары , сынып жетекшілері Нұргельды Амангельдиевич мектеп ұстаздарына, қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп,вальс пен “”Соңғы қоңырау” әнін тарту етті.
Айнұр Шалабайқызы жас түлектерімізге ақ жол , алдағы мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырып, алға қойған мақсаттарға жетуге тілек білдіріп, түлектерге Мадақтама , ал ата-аналарына Алғыс хат табыстады.
Сәт сапар , жас түлек! !
#кенесмектебі
#кеңесмектебі
#соңғықоңырау