«Сыңғырла қоңырау сыңғырла»
«Сыңғырла қоңырау, сыңғырла»
Кеңес негізгі білім беру мектебінде соңғы қоңырау тойлау рәсімі болып өтті. Мерекеге аудан қонақтары, ауыл тұрғындары, ұстаздар ұжымы және мектеп оқушылары қатысты. Бүгінгі күн қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты. Мектеп директоры Молдахметова Айнур Шалабайқызы оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп жетістіктерін айтып, келген қонақтармен бөлісті. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Баужанова Диана Павловна оқу үздіктері мен екпінді және мектеп өміріне белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, өз лебізін білдірді.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл – қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебінің бастауыш сынып бөлімімен қоштасты. Мерекеде 8 – сынып оқушысы Капарова Алмагүл «Мектебім аяулы, мектебім» әнін, 1 – сынып оқушылары тақпақ айтып, ұстаздарымызға алғыстарын білдірді.
4 – сынып оқушылары бастауыш сынып бітіріп, келесі сыныпқа көшуге аяқ басты. Бастауыш сынып түлектері ұстаздарына арнап «ұстазым» әнін орындап, өлең жолдарын оқып, «қоштасу вальсін» биледі.
Келген қонақтар мерекеден жақсы әсер алап, жақсы көңіл күймен қайтты.
Кеңес негізгі білім беру мектебінің
аға тәлімгері Жұпаргүл Бақытханқызы
Павлодар ауданы