Тамыз конференциясы
25.08.2021 күні мектебіміздің ұстаздар ұжымы онлайн форматта тамыз конференциясына қатысты. Мектебіміздің директоры Молдахметова Айнұр Шалабайқызы осы конференцияда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Сонымен қатар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Карамбаева Асемгуль Нурлановна білім беру саласын дамытуға , өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Тамыз конференциясында өткен жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы оқу жылының міндеттері мен басымдықтары айқындалды.