«Таңқалдыратын Физика әлемінде!»
Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.
22-26 сәуір аралығында «Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі» ММ-де 7-9 сыныптар арасында «Таңқалдыратын Физика әлемінде» физика пәнінің апталығы өткізілді. Апталық барысында физика пәнінің мұғалімі Б.Ж.Сергазинова ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Интеллектуалды сайыстар, тәжірибе алаңы іс-шаралары өз деңгейінде өтті.
22.04 күнң оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырды. Жоспар бойынша апта бойы жалғасатын «Әлемдегі сан алуан құбылыстар» атты қабырға газеттер сайысы, «Физиканың дамуы – адамзаттың дамуы» атты эссе сайысы. Сонымен қатар, жоспарда апта бойы болатын іс-шаралар енгізілді.
23.04 күні физика пәнінің мұғалімі «Жас ғалымдар!» деген тақырыпта 7-9 сынып арасында интелектуалдық сайыс өткізді. Оқушылар «Ойшылдар» мен «Тапқырлар» топтарға бөлініп, жұмыс жасады.Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Екі топ та белсенді қатысты, әділ-қазылар алқасының шешуі бойынша осы сайыста достық женді. Сайысты тамашалаушы ұстаздар да осындай іс-шараға ризашылықтарын білдірді..
25.04 күні 5-9 сынып қатысуымен «Таңқалдыратын Физика ғылымы» атты тәжірибе алаңы үйымдастырылды. Іс-шара қызықты викториналық сұрақтар мен бейнероликтерден басталды. Сосың оқушыларға көптүрлі физикалық эксперименттер көрсетілді. Оқушылар таңқалып, тәжірибелерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Тәжірибе алаңы өте тартымды өтті.
Соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, өз пікірлерін айтты. Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Соның ішінде: 9 сынып оқушысы – Жарылгасынова А., 8 сынып оқушысы – Зинеден Қ., 7 сынып оқушылары – Курманова А., Бухарбаев Д. Апталық барысында әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін шыңдай түсті.