image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Театрдың ғажайып әлемі

Бүгін Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің ұйымдастыруымен мектеп жобаларының бірі- “Шабыт » шығармашылық орталық жұмысының бастамасы ретінде және “ Оқуға құштар мектеп” республикалық акцияның шеңберінде «Театрдың ғажайып әлемі” тақырыбында аудандық сахналық қойылым байқауы өткізілді.Байқаудың басты мақсаты — ауыз әдебиетінің асыл сөздерін,мағыналық болмысын оқушылардың бойларына сіңіру ,халық ауыз әдебиетінен, салт-дәстүрден, әдет -ғұрыптан ,төл туындылардан бастау алған театр өнері жайлы түсініктерін қалыптастырып, сахналық өнерге баулу болып табылады. Байқауды ашу салтанаты мектебіміздің басшысы Айнұр Шалабайқызы Молдахметоваға берілді:
“Театр-сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің түрі. Сюжеттік қойылымдар арқылы оқушыларымыздың бойында адамгершілік, жанашырлық, қайырымдылық, қамқорлық, адалдық қасиеттерің сіңіру — негізгі міндет болып табылады” -деп құттықтау сөзінің соңында байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
Байқауға Ямышево ЖОББМ оқушылары «Мақта қыз бен мысық», Заря ЖОББМ оқушылары» Өлген қазан», Ольгинка ЖОББМ оқушылары «Қожанасырдың хикаялары», Кеңес НЖББМ оқушылары «Алтын сақа», Қаратоғай бастауыш мектебінің оқушылары «Бауырсақ» ертегісін сахналады. Жас өнерпаздар бойларындағы асыл қасиеттерін,актерлік шеберліктерін оята отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Павлодар ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Макфура Аубакировна Кауметова және бас маманы Қымбат Боранбаевна құрамындағы әділ қазылардың шешімімен l жүлделі орынды Ямышево мектебінің кішкентай бүлдіршіндеріне,
II орын Кеңес негізгі мектебінің өнерпаздарына,
IIIорын Заря орта мектебіне бұйырды. Ольгинка орта мектебінің бүлдіршіндері “Үздік орындаушылық шеберлік», Қаратоғай бастауыш мектебі
» Образды бейнелеудегі үздік жас актерлер»номинациясымен марапатталды.Байқау жүлдегерлері мен номинанттары Мадақтамамен және сыйлықпен марапатталды.