«Тіл мәртебесі — ел мәртебесі»
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»
Сәуірдің 17 күні аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «VIII аудандық Махамбет оқулары» өткізілді. «Ел құтқарар ер едім» конкурсында Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Шакенов Балабек жүлделі I орынды иеленді. Осыған дейін де талай сайыстардың жеңімпаз иесінің қоржыны тағы да бір жүлдеге толықты.
Биылғы оқу жылында мектебіміздің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өз білімдерін сынап, облыстық деңгейде жеңіске қол жеткізді.
Атап айтар болсақ, аудандық Мағжан оқуларында 6-сынып оқушысы Шакенов Балабек I орынға, 8-сынып оқушысы Капарова Алмагүл облыстық ғылыми жобалар сайысында қазақ әдебиеті пәнінен жүлделі II орынға және облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында III орынға ие болды.
Жоғарыда аталған сайыстарға дарынды оқушыларын дайындап, бағыт-бағдар беріп, жетекшілік еткен білікті басшымыз , жоғары санатты тәжірибелі ұстаз Айнұр Шалабайқызы Молдахметованың еңбегі зор.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары жетекшілері Жұпаргүл Бахатханқызымен өздерінің тырнақалды жыр шумақтарымен сайыстарға қатысып, Шакенов Балабек облыстық М.Жылқыбаевтың 80-жылдық мерейтойына орай өткізілген «Дәуірдің дара ұстазы» атты жыр мүшайрасында ынталандыру сыйлығымен, 5-сынып оқушысы Жұматанова Томирис «Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған жыр мүшайрасында «Тәуелсіздік-мұратым» номинациясымен марапатталды.
Ал Махамбет оқуларының облыстық кезеңіне жолдама алған оқушымыз Шакенов Балабекке сәттілік тілейміз!
Павлодар ауданының
Кеңес негізгі мектебінің кітапханашысы
Жұпаргүл Бахатханқызы