Тәуелсіздік мерекесі-16 желтоқсан!
Тәуелсіздік мерекесі-16 желтоқсан
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде мерекелік іс-шара аталып өтілді.Мерекені жүрекке жылылық ұялатар құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп,жол көрсетіп жатқан білім ұясының білікті басшысы Айнұр Шалабайқызы Молдахметова жылы лебізін білдірді.Мерекеге орай мектебіміздің үш мұғалімін мектепке әкелген жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапаттады.Мереке әрі қарай 2-3сынып оқушыларының әнімен жалғасып,тамаша билерін ұсынса,4-сынып оқушылары жүректен шыққан жыр өрнектерін паш етті. Одан әрі 5,6сынып оқушылары әндерімен жалғастырды.Мереке соңында 8-сынып оқушылары еліміздің басты нышаны көк тудың қадір-қасиетін білдіретін «Көк тудің желбірегені» әнімен аяқтады.
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Ыбыраева Әсел Жұмабайқызы