image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Тәуелсіз елдің ұланымын

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Тәуелсіздік құтты болсын, алыбым!
Бүгін Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа мектеп оқушылары өте белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп,көрермендерге көтеріңкі көңіл -күй сыйлады.
Байқау шарты бойынша әділ-қазылар алқасы кіші категория және орта категория негізінде жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаз атанған оқушылар сыйлықтармен және де мақтау қағаздармен марапатталды.
Жеңімпаздар:
I орын 2 сынып Ершат Елая мен Қуандық Балнәр ,
Il орын 3 сынып Қайрулла Жансел мен Молдахметов Алихан
Ill орын — 1 сынып оқушысы Оразова Жанар , 4 сынып оқушысы Жумабай Баян, 6 сынып оқушысы Зинеден Қатира алды.
Сонымен қатар 3 шәкіртіміз: Серікпай Аружан,Жұмағазы Үкілай ,Кожаева Дильназ «Жас дарын» атты номинацияны иеленді.
Мәнерлеп оқу сайысына. қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!!!