image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«ХХІ ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

«ХХІ ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры»

 

Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.

Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу — сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Кеңес негізгі мектебінде 2018 жылдың 9 сәуірінен  бастап 14 сәуір арасында «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры» атты физика және информатика пәндерінің апталығы өткізілді. Биылғы оқу жылында өткізілген апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.

Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, оқушылар сәуірдің 9 күні апталықтың жоспарымен таныстырылды. Мектеп бұрыштары тематикаға сай безендірілді. Бұрыштарда физика және информатика пәндерінен апта бойы орындауға қажетті тапсырмалар ілінді. Тапсырмаларды орындау нәтижесінде 9 сынып оқушысы Капарова Алмагүл өз белсенділігін көрсетті.

Апталықтың мерзімі мектебімізде ғарышкерлер күнімен сәйкес келгендіктен, 5-9 сынып арасында ғарышкерлер күніне орай қабырға газеттер сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысы бойынша 9 сынып – 1 орын, 7 сынып – 2 орын, 6 – 3 орын алды. Сонымен қатар, 5 сыныпта информатикадан графикалық редакторда жасаланатын жобалар көрмесі өтті. 6-9 сыныптар арасында «Ұлы ғалымдардың ашқан жаңалықтары»  Microsoft Power Point презентациялар сайысы ұйымдастырылды. Сәуірдің 13 күні оқушылар презентацияларын  қорғады. Қазылар алқасы үздік презентациялар қатарына 7 сынып оқушылары Шакенов Балабектің және Жолдаспаева Индираның жұмыстарын енгізді.

Апталықтың екінші күнінде «Информатика – ақпараттар ғылымы» атты 5-7 сынып арасында ойын-сайыс өткізілді. Сайыс тартысты өтіп, екі топ өздерін жақсы жағынан көрсетті. Компьютерлік бағдарламаны жете меңгеруімен қатар шығармашылық ізденісінің де дамуынына жол ашудың әдіс-тәсілдеріне осы ойында жатқызуға болады.

Жаңа технологияны, яғни ойын түрін танымдық зерттеумен ұштастырған бұл шарада балалар алған білімдерін зерттеу арқылы жаңа білімге ұштастыра білді.

2018 жылдың 11 сәуірінде мектепте «Физика әлеміне саяхат» атты физикалық кеш ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өткізілді.  Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және 5-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның бірінші бөлімі, ғарышкерлер күніне орай — ғарышпен байланысты бейнероликтер көрсетуден басталды. Кештің екінші бөлімі қызықты физикалық эксперименттерге толы болды. Оқушылар кейбір экспериметтердің жасалуына таңқалып, мұғалім осы құбылыстарды физикалық тұрғыдан түсіндірді. Өткізілген кешке оқушылар белсене қатысып, физика ғылымына қызығушылықтары артқаны сөзсіз көзге түсті.

Сәуірдің 12 күні 7-9 сынып арасында «Ең үздік физиктер» тобы атты физика пәнінен сайыс өткізілді. Оқушылар сайыс барысында «Физиктер» және «Ертіс» екі топқа бөлінді. Сайыс өте қызықты тапсырмаларға толы болды. Оқушылар бір-бірімен бәсекеге түсіп, нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бойынша жинаған ұпайлары тең болып, «достық жеңді» деген шешімге келді.

 

 

Барлықтарымызға белгілі ғылым мен техникалық прогресс — ай сайын емес, апта сайын әлемге өзіндік жаңашылдығымен, инновациялық жаңа жобалармен, технологиялық өзгерістерді алып келуімен ерекшеленуде. Кез келген технологиялық өзгеріс қай мемлекеттің болмасын экономикалық дамуында белгілі бір деңгейде серпіліс алып келері сөзсіз. Сондықтан жастар ғылыми прогресспен бирге дамып, елімізді биіктіктен көру үшін өз үлестерін қосуы тиіс. Осындай жастар мектеп табалдырығынан ғылыми жаңашылдықтарды аша білетін және бәсекеге қабілетті маман болып шығуына тілектеспін.

 

«Павлодар ауданының

Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі»ММ

физика пәнінің мұғалімі

Сергазинова Б.Ж.