image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Х облыстық Махамбет оқуларынан» III орын

 

2019 жылдың  27 ақпанында  Павлодар қаласында орналасқан  «Жас дарын» мамандырылған мектебінде       « Ертіс дарыны»  орталығының ұйымдастыруымен  жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушыларының арасында  « Х  облыстық    Махамбет  оқулары»  өткізілді.Павлодар ауданының намысын қорғауға  үш бағыт бойынша  Красноармейка , Кеңес , Ямышево, Григорьевка мектептерінен  барлығы төрт оқушы қатысты.  « Ел құтқарар ер едім» бағыты бойынша барлығы   22 қатысушы арасынан  Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің 8- сынып оқушысы Шакенов Балабек  топ жарып,   жүлделі III орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ ,    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты, тәжірибелі мұғалімі Айнұр Шалабайқызы Молдахметованың  жетекшілігімен Балабек «Мағжан оқуларынан» , «Жарқын Болашақ» , «Махамбет оқуларынан»   үнемі жүлделі орындарға иеленіп жүр.Алдағы уақытта Балабекке тек жеңістер тілейміз! Жарайсың ,Балабек!!