«Шуағын шашқан отбасым!»
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие-отбасынан басталады,болашақ ұрпақты еліне,отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен,ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасыннан бастау алады.Отбасынның екі тірегі-Әлпештеген әке мен аялаған ана.Ата-анаға үлкенге қызмет етіп,әкенің еңбегін,анаңның ақ сүтін өтеу біздің борышымыз.
Бүгін біз Кеңес негізгі мектебінде Республикалық Отбасы күніне орай «Шуағын шашқан отбасым» атты іс-шара өткізілді.Топтық сайыс түрінде өткізілген іс-шара әр түрлі тапсырмалар,слайд,видеорөлік,көрнекіліктер және спорттық жарыс түрінде де өтті.Бұл жолғы іс-шараның өзгелерден ерекшелігі 1-4 сынып оқушылары мен бірлесіп топтық жұмыс атқарды.Соңымен қатар жуырда ғана жаңадан мектеп қабырғасын аттаған 1-сынып оқушыларына іс-шара өте қызықты болды.Сондай ақ топ қатысушылар бір-біріне сәттілік тілеп,өз-топтың атауын таныстырды.Топтық жұмысы бойынша барлығы 6 оқушы қатысып,жеребе ұту қиынға соққан тартысты бәсеке болды. 6 адам ойынға қатысып,өзара жеңіпаздарды анықтады.