«Ынтымағы жарасқан туған өлкем — Қазақстан!»
1 мамыр күні мектебімізде «Ынтымағы жарасқан туған өлкем — Қазақстан!» атты мерекелік фестиваль өткізілді. Мереке ауылдағы шеруден басталып, концертке ұласты. 1 сынып оқушылары үнді халқының биін шебер билесе, 2-3 сынып оқушылары орыс халқының частушкаларын айтып шықты. 4 -сынып — әзірбайжан халқының биін көрсетсе, 6 — сынып -грузин халқының биін шебер сомдады. 7- 9 сынып оқушылары қазақ халқының биін көрсетіп, шарамызды батамен аяқтады.Мереке соңы ұлттық тағамдарға толы дастарханға ұласты.Барлық келген қонақтар ,оқушылар ,ата-аналар дастарханнан дәм татты!