image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Қазақстанда 31 мамыр ресми түрде 20-ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Қазақстанда 31 мамыр ресми түрде 20-ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қуғын-сүргінге сол кездегі саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызуға болады. Бұл оқиғалардан 4 миллионға жуық ел азаматтары зардап шегеді. Кейбір деректер бойынша 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан кейін қазақ халқының тең жартысы қырылып қалған екен. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаларға кесілді.

Жалпы бұл кезеңдер ел басына туған ең қиын қыстау кезеңдер болып тарихта жазылған. Халық жауы, ұлтшыл деп айыпталғандардың бәрін түгел лагерьлерге жіберген, тіпті олардың әйелдері де сыбайластары саналып Ақмола лагерьінде қамауда болған. Елде тәуелсіздік алғаннан кейін сол саяси қуғын-сүргіндерінің атын ақтау үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. Мәселен,1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады. Ал 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Қазақтың басына біткен жауқарлары, елім, жерім үшін жанпида деп бас көтерген, қазақтың санасын ашуға үгіт-насихат жүргізген көптеген  зиялы қауым өкілдері 1937-1939 жылдары азапқа салып, өлтірілген болатын. Тәуелсіздік жылдары 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Және де заңнама шеңберінде 340 мыңнан астам жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар аттары ақталды. Жалпы бұл кісілерді біз ешқашан ұмытпақ емеспіз, олардың алдында мәңгілік қарыздармыз!