“ Қош бол, бастауыш!”
23 мамыр күні мектебімізде “ Қош бол, бастауыш!” , 4-сынып оқушыларының бастауыш сатымен қоштасу кеші өткізілді .Кеш барысында оқушылар мектеп ұстаздарына алғыс білдіріп, сүйікті ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлады. Ұстаздарына арнап “Бастауышпен қоштасу” әнін, Вальс биін тарту етті. Жүрек жарды тілектерін өлең жолдарымен білдірді.Сынып жетекшісі Мархабат Болатқызы балаларына ақ жол , сәттілік тіледі.Ата-аналар атынан Қыдырбек Қастерхан ұстаздарға алғыс айтып, балаларға ақ жол тіледі.Кеш соңында балалар тәтті тортпен шай ішті.
#бастауышпенқоштасу
#кеңесмектебі