image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Қош келдің,Әз Наурыз!»

                     «Қош келдің,Әз Наурыз!»

Наурыз — жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырың тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Кеңес негізгі мектебінде 2019 жылдың 20 наурызында «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік концерт өткізілді. Мереке мектебіміздің директоры Айнұр Шалабайқызының жүрекжарды ізгі тілегімен басталды. Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Кауметова Магфура Аубакировна мерекелік шараның құрметті қонағы болды.

Мектеп оқушылары  Шаттық, Достық, Қуаныш, Ырыс, Ынтымақ ауыл-ауылға бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. 7-9 сынып оқушылары «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетіп,  кішкентай Іңкәр деген бүлдіршіннің тұсауын кесті. 2-3 сынып оқушылары «Бесікке салу» дәстүрін  көрсетті.  1, 4сыныптың орындауында «Қара жорға» билерін мың бұрала билеп, ал 6 сынып әншілеріміз «Көк тудың желбірегені» әндерін тарту етті.

Мектеп жанындағы шағын-орталықта өз өнерін көрсете білді. Шағын орталықтағы балдырғандар ата-аналарын өздерінің шебер орындаған «Қамажай» , «Қара жорға» билерімен , Наурыз тақырыбына өлеңдерді тақпақтатты.

Мерекеге ата-аналар ,оқушылар, мектеп ұжымы белсенді атсалысты.

Мереке соңы ұлттық тағамдарға толы  дастарханға ұласты. Барлығы бауырсақтан,талқаннан, құрттан,женттен, самсадан, бесбармақтан  ауыз тиіп, бір тамсанды.Үлкен әжеміз бата беріп, мейрамға қатысқан  барша  халыққа рахметін білдірді.