image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

“Қош келдің,Әз-Наурыз!”

“Қош келдің,Әз-Наурыз!”
Бүгін Кеңес мектебінің шаңырағында дүбірлі той! Мектеп оқушыларын, ата -аналарды, ұстаздар қауымын мектеп директоры Айнұр Шалабайқызы төл мерекемен құттықтап, мерекені ашты.
Ата-бабаларымыз Наурыз мейрамын жұрт ызғарлы қыстан аман-есен шығып, қар еріп, жер көгеріп, мал төлдеп, ақ молайып, барлық тіршілік иесі оянатын кез деп білген, асыға күткен. “Наурыз “сөзі “Жаңа күн , жаңа өмір “деген мағынаны білдіреді.
Ұлыстың ұлы күнің мектеп оқушылары асыға күтіп, бар өнерлерін паш етті. Ән мен күй, мың бұрала билеген қыздардың әдемі билері, салт-дәстүрлерден көріністер, ұлттық ойындар-барлығы қонақтар мен балалардың көңілінен шықты.
#nauryzpvl_2023