«Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»
«Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»
Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде: автобустың артынан айналып өту; балаларды өз жаныңнан жібермеу; бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу; жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау; жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта жол шетінде тұрмау; автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау; көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
Осыған орай, Павлодар ауданының «Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде» қысқы уақытта мұзда жүру ережелері туралы оқушыларға мәліметтер айтылды. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, төтенше жағдайларға әрқашан дайын болу, өмірге деген ерік-жігер, өзін-өзі құтқару ережелерін білу, машықтық дағдымен аман қалуға өзіңді шыңдау, физикалық дайындық, соның бәрі өте маңызды. Ауа райы салқын кезде қар астындағы мұз ойығы буланады, көктемде мұз басып қалған қалың шөптің аймақтары қауіпті болады. Мұз мықтылығына сенімсіз болсаңыз, онымен абайлап жүру керек, аяқты жылжыту арқылы және табанмен түгел біруақытта басып және кез-келген уақытта жағдайдың күрт өзгеріп кетуіне дайын болу қажет. Балаларға әңгімелер жүргізіліп, слайдтар көрсетілді. Еқ соңында тест алынып, балалардың не түсінгендері анықталды.
Кеңес негізгі мектебінің мұғалімі: Уалихан Гүлбақыт