image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Құстарға кафе»

«Құстарға кафе»

Облыстық жоба аясында Оңіріміздің барлық мектептерінде түрлі акциялар өткізілуде.табиғаттың бір бөлшегі құстарға қаһарлы, аязды қыста қамқорлық көрсету , табиғатқа сүйіспеншілік ояту мақсатында «Құстарға кафе» акциясы жүргізілуде.Павлодар ауданының Кеңес мектебінің оқушылары да бұл акцияға белсенді қатысуда.Апта сайын ең үздік жасалған жемсауыт таңдалып, балалар жарысуда.Жарыстың шарты : жемсауытқа үнемі жем, нан қоқымдарын салу.Балалармен бірге ата-аналары да белсенді қатысып,қызығушылық танытып тұр.Акцияға белсенді қатысқан 6-сынып, 1-сынып,4-сынып оқушылары.Өткен аптаның қорытындысы бойынша ең үздік жемсауыт иесі –ол мектептің 4- сынып оқушысы Жуматанов Тумархан және оған көмектескен әкесі Жуматанов Ерсін.Жарайсыңдар! !! Акция өз жалғасын табуда.!!

Павлодар ауданының Кеңес негізгі мектебінің

9-сынып оқушысы Молдахметов Бексултан