image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Әз Наурыз мейрамы!

«Қош келдің, Әз Наурыз!»
Наурыз — жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы.Тамырың тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып,риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Жылыстап жеткен жаңа жылымыз, төл мерекеміз 22 наурыз Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде және мектеп жанындағы «Бүлдіршін» шағын орталығында «Қош келдің, Әз — Наурыз!» тақырыбымен қызықты әрі мазмұнды өтті.Мереке мектебіміздің директоры Айнұр Шалабайқызының жүрекжарды ізгі тілегімен басталды.
Шағын орталықтағы балдырғандар ата-аналарын өздерінің шебер орындаған «Қамажай» , «Қара жорға» билерімен , «Қарлығаш» және «Наурыз жыры » әндерін әндетіп, Наурыз тақырыбына өлеңдерді тақпақтатты. Сонымен қатар, «Бесікке слу», «Атқа мінгізу» рәсімдерімен балалардың әжелері таныстырды. «Теңге алу» мен «Қыз қуу» ұлттық ойындары да ойналып ,балалар бір сергіді.
Мектеп оқушылары ауыл-ауылға бөлініп, ауылдарға биылғы жылы аталып өтетін мерейлі күндерге байланысты ЭКСПО ауылы,Байтерек ауылы,ұлы тұлғалардың есімдерімен байланыстырып Ғабит Мүсірепов , Ахмет Байтұрсынов,Зейнолла Қабдолов ауылдары болып,өз өнерлерін көрсетті.
6-8 сыныптың қыздары «Ару қыз», 1-сыныптың орындауында «Жігіттер» және «Домбыра» билерін мың бұрала билеп, ал әншілеріміз «Әз Наурыз», «Елге сәлем», «Туған ел» әндерін тарту етті.
Мерекеге ата-аналар ,оқушылар, мектеп ұжымы белсенді атсалысты.
Мереке соңы ұлттық тағамдарға толы дастарханға ұласты.Барлығы бауырсақтан,талқаннан, құрттан,женттен, самсадан, бесбармақтан ауыз тиіп, бір тамсанды. Үлкен атамыз бата беріп, мейрамға қатысқан барша халыққа рахметін білдірді.
Кеңес негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Сергазинова
Аға тәлімгер Ж.Бахатхан