“Өнерлі отбасы”
“Өнерлі отбасы”
#1 Бүгін мектебімізде Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне орай «Өнерлі отбасы» отбасылық сайысы өткізілді.
Мақсаты: Ата — аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата — аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата — аналармен тұрақты қарым — қатынасын қалыптастыру.
Ұлттық салт-дәстүрлерімізді жас ұрпақ бойына сіңіру және дәріптеу.
Отбасылық сайысқа барлығы 5 отбасы қатысты. Сайыс “Таныстыру”, “Жағдаят”, “Ұлттық қолөнер бұйымдары”,”Ұлттық тағам” және өнерлерін көрермендерге паш ету кезеңдерінен құрылған.
Әділқазылар алқасы : мектеп директоры Айнұр Шалабаевна, ардагер -ұстаз Мақсұт Шақантайқызы және тәрбие ісінің меңгерушісі Диана Павловна әр кезеңге өз бағаларын беріп, шешім қабылдады.
I орын -Баян анасы Қастерхан ханым;
IIорын -Елая анасы Зора ханым;
IIIорын — Балнәр анасы Роза ханым;
“Өнерлі отбасы” номинациясымен Үкіләй анасы Ұлжалғас;
“Мейірімді отбасы” Азиза анасы Гүлнар ханым”.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен және грамотамен марапатталды.
@zaman_tynysy.kz
@bilim_pavlodar_audany
#BizBirgemiz #Birgemiz
@kenes_s_o
@imanslyam_erzhan
@dvorec_pvl
@zaman_tynysy.kz