1 мамыр — Халықтар бірлігі мен ынтымақтастық мейрамы
1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама
1 мамыр — Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы күні Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде мерекеге орай «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бұл мерекеде мектеп атынан 5 ұлт өкілдерінің басы қосылды. Олар: қазақ, өзбек, орыс, грузин және сыган өкілдері. Мерекеде ұлт өкілдері өз шығармашылықтарын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Әр ұлт өздерін таныстырып, ұлттық өнерін ортаға салып, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Барша жұртты 1 мамыр — Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!