Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Осыдан тура 750 жыл бұрын Талас өзені бойында Шағатай, Үгедей мен Жошы әулетінің ханзада-нояндары жиналып, ұлы құрылтай өткізген. Тарихта оны «Талас құрылтайы» деп атайды.Осы Талас құрылтайы Алтын Орданың (Жошы ұлысы, Ұлық ұлысы) ресми түрде бөлек мемлекет болып қалыптасуына негіз болды.Ел тарихын насихаттап, болашақ жас ұрпақтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Кеңес мектебінде 7, 8, 9 сыныптар арасында арнайы іс шара өткізілді. Алтын Орда тақырыбында кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
@bilim_pavlodar_audany
@zaman_tynysy.kz
@kenes_s_o