ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ БОЛУ-БҰЛ ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
«Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»
Ы.Алтынсарин
Мұғалім – ұлағатты есім және өмірдің бағыттаушысы деп есептеймін. Мұғалім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандық — ұстаздық ету . Ресейде педагогиканың негізін қалаушы К.Д.Ушинский «Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті» — деп мұғалімді бағалай отырып, мәртебесі биік екендігі жөнінде атап өткен. Сондықтан да , шамшырақ бола білу, нағыз мұғалім болу – үлкен жауапкершілік пен талмас еңбектің нәтижесі.
« Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», -деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі де бекер айтылмаса керек.Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру қазіргі таңдағы өзекті, маңызы жоғары міндет болып тұрғаны баршамызға аян. Ал бұл іске жауапты – ол әрине жаңашыл мұғалім. Жаңашыл мұғалім – ең алдымен өз ісін жетік меңгерген, түрлі жаңа технологиялармен қаруланған, оқушыны жан-жақты дамытатын, жетілдіретін, әдіс-тәсілдерді қолдана білетін, ой өрісі жоғары, үнемі ізденісте жүретін мұғалім.
Жаңашыл мұғалім жаңа заман талабына бағытталған мектепте білім беру арқылы білікті де білімді жастарды дайындайтын болады. Жаңашыл мектепте білім алушыларды жаңаша білім нәрімен сусындатуға әрқашанда тиімді болып келеді.
Осы орайда мен өзім қызмет жасайтын білім ордасының басшысы Молдахметова Айнур Шалабайқызы туралы сөз қозғағым келіп отыр.Айнұр Шалабайқызы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған соң алғашқы еңбек жолын өзі білім нәрін алған Ақсу ауданына қарасты Потанин орта мектебінде (қазіргі Айнакөл орта мектебі) қарапайым қазақ тілі мұғалімі болып бастаған. 1999 жылдан бастап Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 2007-20012 жылдары оқу ісінің меңгерушісі қызметін,2012 жылдан бері білім ордасының білікті басшысы.
Абай Кунанбаеву 175 лет
Женіс лентасы
ҚР конституциясының 25 жылдығы
Балалар жылы