image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жақсылық жасау үшін сіз міндетті түрде бай, ақшасы көп адам болуыңыз қажет емес. Бастысы, сіздің тілек- ниетіңізде деп ойлаймын. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Мектебіміздің «Мейірім » еріктілер тобының мүшелері де қолдарынан келген көмекті жасауда. Біздің мектептің еріктілер тобы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс»атты қайырымдылық марафоны аясында қаламызда орналасқан балалар үйіне барып қайтты. Әрине,елімізде болып жатқан жағдайға байланысты балаларды көре алмадым.Деседе,ол балаларға кез-келген адамның кішкентай болсын көмегі жүздеріне күлкі сыйлаймын түсіндік. Сонда бара отырып өзімізге үлкен ой түйдік.«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген сөз бар емес пе. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық.

Бастауыш сынып мұғалімі:Нурзат Бауыржанқызы